Ғимараттар, құрылыстар мен инженерлік коммуникацияларды цифрландыру деңгейі 93%-ға жетті
22 шілде 2025
Қазақстан Республикасында Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесін (АИС МҚК) қалыптастыру аясында инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын цифрландыру жұмыстары қарқынды түрде жалғасуда.
Бүгінгі таңда ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ аудан орталықтарына дейінгі елді мекендерді қоса алғанда, инженерлік коммуникацияларды цифрландыру деңгейі 93%-ға жетті. Ағымдағы жылдан бастап халқы 5 мыңнан астам адамды құрайтын елді мекендердің инженерлік желілерін цифрландыру жұмыстары басталды.
Бұл жұмыстар «Қазақстан Республика-сындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңға сәйкес жүргізіліп жатыр. Заң аясында мемлекеттік қала құрылысы кадастры АИС МҚК жүйесінде жүргізіледі және қала құрылысы жобаларының, ғимараттар мен құрылыстардың, инженерлік инфрақұрылым элементтерінің цифрлық деректерін біріктіреді.
Құрылысы жүргізілген аумақтардағы жерасты және жерүсті коммуникацияларға түгендеу жүргізу арқылы олардың нақты кеңістіктік орналасуын және негізгі техникалық сипаттамаларын айқындай отырып, цифрлық кадастрлық карта қалыптастырылады. Бұл карта елді мекендерді жүйелі түрде дамытуға, аумақтың құрылысын бақылауға, нысандарды салу мен пайдалануға үйлесімді көзқарас қалыптастыруға негіз болады.
Қала құрылысы кадастрының геопорталы арқылы архитектура, қала құрылысы және құрылыс саласындағы уәкілетті органдар инженерлік инфрақұрылымға қатысты цифрлық деректерге қол жеткізе алады. Бұл шешімдер қабылдау үдерісінің ашықтығы мен тиімділігін арттырады.
Цифрлық қала құрылысы деректер базасын қалыптастыру жұмыстары жоспарлы түрде жалғасып, аумақтық жоспарлау мен қалалық ортаны дамыту жүйесін цифрлық түрлендірудің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі
Оцифровка зданий, сооружений и инженерных коммуникаций достигла 93%
22 июля 2025
В рамках формирования Единой автоматизированной информационной системы государственного градостроительного кадастра (АИС ГГК) в Республике Казахстан продолжается масштабная работа по оцифровке объектов инженерной и социальной инфраструктуры.
На сегодняшний день оцифровка зданий и сооружений, а также инженерных коммуникаций крупных населенных пунктов, вплоть до уровня районных центров, достигла 93%. С текущего года начаты работы по оцифровке сетей в населённых пунктах с численностью населения свыше 5 тысяч человек.
Работы проводятся в соответствии с Законом РК «Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности», в рамках которого ведение государственного градостроительного кадастра осуществляется в единой системе АИС ГГК. Система обеспечивает консолидацию цифровых данных по градостроительным проектам, расположению зданий, сооружений и элементов инженерной инфраструктуры.
Цифровая кадастровая карта формируется путем инвентаризации подземных и надземных коммуникаций застроенных территорий с определением точного пространственного положения и ключевых технических характеристик инженерных сетей. Создаваемая электронная карта служит основой для системного подхода к развитию населенных пунктов, обеспечивая возможность комплексного мониторинга застройки, планирования и координации строительства, а также эксплуатации объектов недвижимости и инфраструктуры.
Доступ к цифровым данным через геопортал градостроительного кадастра получают уполномоченные органы в сфере архитектуры, градостроительства и строительства, что способствует прозрачности и эффективности принятия решений на всех уровнях.
Работа по формированию цифровой градостроительной базы продолжается в плановом порядке и является важным элементом цифровой трансформации системы территориального планирования и управления развитием городской среды.
Пресс-служба Министерства промышленности и строительства РК