Қазақстанда кондоминиум нысандарын және көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарушы субъектілердің тізілімі құрылуда
24 шілде 2025
Қазақстанның тұрғын үй саласында кондоминиум нысандарын басқарушы субъектілер, яғни жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер (ЖШС), пәтер иелерінің кооперативтері (ПИК) және басқарушы компаниялар туралы ақпарат еліміздің әрбір тұрғынына қолжетімді болады.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ-мен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, тұрғын үй заңнамасына енгізілген өзгерістер аясында көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарушы субъектілердің ұлттық ашық тізілімін құру бойынша жұмыстарды бастады. Бұл тізілім тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ашықтықты, есептілікті және ақпаратқа тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған.
Тізілімде тіркелген әрбір басқарушы субъект туралы өзекті мәліметтер мен деректер көрсетіледі, соның ішінде олардың қызметінің қолданыстағы заңнама мен нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі.
Кондоминиум нысандары бойынша де-ректердің құпиялылығы мәселесі осылайша шешіледі. Мысалы, жылжымайтын мүлік иелері пәтерін немесе тұрғын емес үй-жайын ауыстырған кезде алдымен үйді кім басқара-тыны, объектіге қандай қызмет көрсететін ұйымдар бекітілгені, тарифтер, сметалар немесе төтенше жағдайлар туралы сұрақтар туындаған жағдайда қайда бару керектігі туралы қажетті ақпаратты табу қиынға соғады.
Тұрғын емес үй-жайлардың иелері болса, қайта тіркеу кезінде баланстық меншік құқығын шектеу актісін және техникалық шарттарды ұсыну қажеттілігіне тап болған соң, қиындықтарды бастан кешіреді.
Сондай-ақ, тізілімді жүргізу тұрғын үй инспекцияларының жұмысын жеңілдетіп, басқарушылар мен төрағалар жиі ауысатын жағдайда нысан бойынша ақпараттың сабақтастығын қамтамасыз етеді. Ақпаратты орталықтандыру тұрғын үй иелерінің шағымдары мен өтініштерін өңдеудің сапасын арттырады, жылдық тарифтер мен сметалардың заңдылығы және негізділігі бойынша сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік береді.
Тұрғын үй инспекторының тексеру парақ-тарын негізге ала отырып, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін әрбір нысан бойынша жинақ шоттарын ашу бөлігінде субъектілердің өз жұмыстарын сәйкестендіріп, тұрғын үйлер-дің апатты жағдайда қалуына жол бермеу мақсатында жоспарлы жөндеу жұмыстарының уақытылы жүргізілуін арттыру көзделуде.
Тізілімді құру – әрбір меншік иесі өз үйімен және ақшасымен не болып жатқанын білуге және бақылауға құқығы бар тұрғын үйді өркениет-ті және жауапты басқаруға жасалған қадам.
Бекітілген жоспарға сәйкес басқарушы субъектілердің бірыңғай базасы жақын арада іске қосылады. Жыл соңына дейін барлық басқарушы субъектілер басқаруындағы нысан бойынша тіркеуден өтуге, өзекті ақпаратты жаңартуға және заңды тұлға ретінде ПИК нысанында тіркелсе – қайта тіркеуден өтуге міндетті болады. Бұл талаптарды орындамаған жағдайда, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңға сәйкес әкімшілік шаралар қолданылады.
Басқарушы субъектілердің ашық тізілімі – бұл тек формальды шара емес, ол нақты мақсаттарға бағытталған:
Басқару субъектілерінің мемлекеттік тізілімі – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын реформалаудағы дағдарысқа қарсы маңызды шара. Ол еліміздің барлық өңірлеріндегі көпқабатты үйлерді әділ, ашық және тиімді басқарудың негізіне айналады.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі
В Казахстане создают реестр субъектов управления объектом кондоминиума и управляющих многоквартирными жилыми домами
24 июля 2025
В жилищной сфере Казахстана информация о субъектах управления объектами кондоминиума, таких как ТОО, КСК и управляющие, станет доступной для каждого жителя страны.
Министерство промышленности и строительства РК совместно с КазЦентром ЖКХ, а также местными исполнительными органами на основании изменений жилищного законодательства начинают работу по созданию национального публичного реестра субъектов управления многоквартирными жилыми домами. Он призван обеспечить прозрачность, подотчетность и равный доступ к информации в сфере ЖКХ.
Реестр будет включать актуальные сведения и данные по каждому зарегистрированному субъекту управления, включая соответствие его деятельности требованиям закона и подзаконных актов.
Таким образом, решается вопрос о закрытости данных по объектам кондоминиума. Например, когда собственники имущества при смене квартиры или нежилого помещения, в первое время, испытывают трудности с поисками нужной информации о том, кто управляет домом, какие обслуживающие организации закреплены к объекту, куда обращаться в случае возникновения вопросов по утвержденным тарифам, сметам или наступлении аварийных ситуаций.
Трудности испытывают и собственники нежилых помещений, так как при переоформлении они сталкиваются с необходимостью предоставления акта разграничения балансовой принадлежности и технических условий.
Также ведение реестра упростит работу жилищных инспекций и решит проблему преемственности ситуации по объектам при частой смене управляющих, председателей. Централизация информации повысит качество обработки обращений и жалоб со стороны собственников жилья, позволит ответить на вопросы по обоснованности расчета сметы расходов и затрат на год, на основании которых должны утверждаться ежемесячные тарифы.
На основании проверочных листов жилищного инспектора планируется выровнять работу самих субъектов в части открытия сберегательных счетов по каждому объекту на цели капитального ремонта, и повысит сроки о своевременности планируемых ремонтов, в целях недопущения домов до аварийных состояний.
Создание реестра — это шаг к цивилизованному и ответственному управлению жильем, где каждый собственник имеет право знать и контролировать, что происходит с их домом и деньгами.
Согласно утвержденным планам, запуск единой базы субъектов управления планируется в ближайшее время. До конца года все субъекты управления будут обязаны пройти регистрацию по присутствию на объекте управления, обновить сведения и провести своевременную перерегистрацию в случаях, если юридическая форма относится к КСК, в противном случае — к ним будут применены меры административного реагирования согласно Закону «О жилищных отношениях».
Создание реестра – не просто формальность, а реальный шаг к:
Публичный реестр субъектов управления – важная антикризисная мера в реформировании сферы ЖКХ. Он станет основой для справедливого, прозрачного и эффективного управления многоквартирными домами во всех регионах страны.
Пресс-служба Министерства промышленности и строительства РК