ҚР ӨҚМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының Құрылысшылар күнімен құттықтауы

Қымбатты әріптестер!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің атынан және өз атымнан кәсіби мереке – Құрылысшылар күнімен құттықтаймын!

Құрылыс – Қазақстан экономикасының жетекші секторларының бірі, еліміздің әлеуметтік-эконо-микалық даму қарқыны мен халықтың әл-ауқаты, әлеуметтік мақсаттағы нысандар мен өндірістік саланы дамыту және жаңғырту, еліміздің тұрғын қорын жаңарту көбіне осы секторға байланысты.

Қазіргі уақытта құрылысшылар алдында үлкен міндеттер тұр – тұрғын үйді жалдау ақысын субсидиялау және жеңілдікті ипотекалық несиелерді беру бойынша мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асуда, тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері жөніндегі заңның күшіне енуі арқасында тұрғын үйді бөлудің жаңа механизмдері енгізілуде. Бұл шаралар тұрғын үй салу қарқынының жоғары деңгейін сақтауға ықпал етіп, құрылыс кешенінің өндірістік әлеуетін толықтай іске қосуға мүмкіндік береді.

Құрылыс саласы мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына цифрлық технологияларды енгізу бойынша белсенді жұмыс жалғасуда – жыл соңына дейін Құрылыстың бірыңғай ақпараттық жүйесі және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың бірыңғай платформасы іске қосылып, бұлар осы салалардың қолданыстағы барлық порталдарын «бір терезе» қағидасы бойынша бірыңғай платформаларға біріктіреді. Соның арқасында жобалаушылар, құрылыс салушылар мен коммуналдық қызмет тұтынушы-ларынан бастап мемлекеттік органдарға дейінгі әртүрлі тараптардың өзара іс-қимылы айтарлықтай жеңілдейді.

Мереке қарсаңында ең батыл жобаларыңыз бен бастамаларыңызды жүзеге асыруда табыс, әріптес-теріңіз арасында өзара түсіністік пен қолдау, бақыт пен сәттілік тілеймін!

Бақытжан ЖҮНІСБЕКОВ,

ҚР ӨҚМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы

 

Поздравление Председателя Комитета по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства МПС РК с Днем строителя

Дорогие коллеги!

От имени Комитета по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства промышленности и строительства Республики Казахстан и от себя лично поздравляю вас с профессиональным праздником – Днем строителя!

Строительство является одним из ведущих секторов экономики Казахстана, от которого во многом зависят темпы социально-экономического развития страны и благополучие людей, развитие и модернизация объектов социального назначения и производственной сферы, обновление жилого фонда страны.

Большие задачи стоят перед строителями в настоящее время – реализуются государственные программы по субсидированию арендной платы и выдаче льготных ипотечных кредитов, внедряются новые механизмы распределения жилья благодаря вступлению в силу закона по вопросам реформи-рования жилищной политики. Эти меры будут способствовать поддержанию высоких темпов жилищного строительства и позволят в полной мере задействовать производственный потенциал строительного комплекса.

Продолжается активная работа по цифровой трансформации строительной отрасли и сферы ЖКХ – уже до конца года будут запущены Единая информационная система строительства и Единая платформа ЖКХ, которые объединят все действующие порталы в этих сферах на единых платформах по принципу «одного окна». Благодаря этому значительно упростится взаимодействие между различными сторонами – от проекти-ровщиков, застройщиков и потребителей комму-нальных услуг до государственных органов.

В преддверии праздника хочу пожелать Вам успехов в осуществлении самых смелых проектов и начинаний, взаимопонимания и поддержки коллег, счастья и удачи!

Бахытжан ЖУНИСБЕКОВ,

Председатель Комитета по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства МПС РК