Елімізде 8 мың шақырым сумен жабдықтау және су бұру желілерін жаңғырту жоспарлануда

27 мамыр 2025

Еліміздегі жылу, сумен жабдықтау және су бұру желілерінің жалпы ұзындығы шамамен 137 мың шақырымды құрайды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР индустрия және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлім етті.

Ол ел бойынша жылу, сумен жабдықтау және су бұру желілерінің жалпы ұзындығы шамамен 137 мың шақырымды құрайтынын атап өтті.

Ең көп тозған инженерлік желілер Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Абай және Ұлытау өңірлерінде орналасқан.

Биыл республикалық бюджеттен сумен жабдықтау нысандарын салуға және реконструкциялауға 176 млрд теңге қарас-тырылған.

«Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес 2030 жылға қарай инженерлік желілердің тозуын 40%-ға дейін төмендету қажет. Осы тапсырманы орындау үшін “Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту” Ұлттық жобасы қабылданды. Ұлттық жоба аясында бір 1 трлн теңге болатын шамамен 8 мың шақырым су және су бұру желілерін жаңғырту жоспарлануда», - деп атап өтті Ерсайын Нағаспаев.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі

 

Провести модернизацию 8 тыс. км сетей водоснабжения и водоотведения планируют в РК

27 мая 2025

Общая протяженность сетей тепло-, водоснабжения и водоотведения по стране составляет порядка 137 тыс. км. Об этом на заседании Правительства сообщил министр промышленности и строительства РК Ерсайын Нагаспаев

Он отметил, что общая протяженность сетей тепло-, водоснабжения и водоотведения по стране составляет порядка 137 тыс. км. Средний износ составляет 49%, требуют замены порядка 67 тыс. км.

Наиболее изношенные инженерные сети находятся в Павлодарской, Карагандинской, Восточно-Казахстанской, Северо-Казахстанской областях и регионах Абай и Ұлытау.

В текущем году из республиканского бюджета предусмотрены 176 млрд тенге на строительство и реконструкцию объектов водоснабжения.

«Согласно плану действий по реализации предвыборной программы Главы государства к 2030 г. необходимо снизить износ инженерных сетей до 40%. В целях достижения указанных целей и во исполнения поручения Главы государства принят Национальный проект «Модернизация энергетического и коммунального секторов». В рамках Национального проекта по линии министерства планируется модернизация порядка 8 тыс. км сетей водоснабжения и водоотведения на общую сумму 1 трлн тенге», - уточнил Ерсайын Нагаспаев.

Пресс-служба Министерства промышленности и строительства РК